«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2015.10.02. берілген өзгерістермен)
«Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бірінші кезең) (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты берсін. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2015.10.02. № 52 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.02.04. № 307 Қаулысымен (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.10.02. № 52 Қаулысымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|