|
2013 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесін бекіту туралы (2013.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 183-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған 2013 жылға арналған ғылыми-практикалық конференциялардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілген. 2. Ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге жауапты ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары: 1) бекітілген Тізбеге сәйкес ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу; 2) мүдделі мамандардың ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуын; 3) ғылыми-практикалық конференциялардың бағдарламасын басталуына 30 күн қалғанда және ғылыми-практикалық конференциялар өткеннен кейін он күндік мерзімде қарарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге мониторингті қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) мүдделі мамандарды ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу үшін жіберсін. 5. Қатысушылардың іссапар шығыстары негізгі жұмыс орнына жатқызылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|