Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/587 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/1097 қаулысымен бекітілді
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық (2013.24.09. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (мемлекеттік органдарды қоспағанда), жеке сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтінішімен (мемлекеттік органдарды қоспағанда) жүзеге асырылатын қызметтерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және басқа да жеке және заңды тұлғалардың қызметтері; 2) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар; 3) уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме); 4) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламасын, сондай-ақ оқушы мен тәрбиеленушіге қосымша білім бағдарламасын іске асырушы оқу орны; 5) бастауыш білім - баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|