Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2013.20.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 Қаулысымен күші жойылды
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидалары және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1770 қаулысымен бекітілген
Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидалары және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу тәртібі мен аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|