|
Денсаулық сақтауда клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізуге құқығы бар клиникаға дейінгі және клиникалық базалар тізбесін бекіту туралы (2010.10.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес және дәрілік заттарды клиникаға дейін, клиникалық зерттеулер жүргізу, профилактика, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістері мен құралдарын, сондай-ақ медициналық оңалтуды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген профилактика, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістері мен құралдарын, сондай-ақ медициналық оңалту, дәрілік заттарды клиникаға дейін, клиникалық зерттеулер жүргізуге құқығы бар клиникаға дейінгі және клиникалық базалардың тізбесі бекітілсін. 2. Клиникалық базаны таңдау қоса берілген тізімнен клиникалық зерттеуге тапсырыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылсын. 3. «Профилактика, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістері мен құралдарын, сондай-ақ медициналық оңалту, дәрілік заттарды клиникаға дейін, клиникалық зерттеулер жүргізуге құқығы бар клиникаға дейінгі және клиникалық базалардың тізбесі бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті төрағасының м.а. 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 293 бұйрығы күшін жойды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.10.06. № 430 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|