Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, таратылатын кәсiпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүліктi мекемеге берудi қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асыратыны белгiленсiн. 5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|