2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2013 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет,тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 21 882 988 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 4 883 685 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 69 919 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 436 436 мың теңге; трансферттер түсімі - 16 492 948 мың теңге; 2) шығындар - 21 954 988 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге: бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -63 000 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 63000 мың теңге: қарыздар түсімі - 700 000 мың теңге; қарыздарды өтеу - 637 000 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге. 2. Жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 2013 жылға арналған түсімдердің жалпы сомасы 30 пайыз мөлшерде белгіленсін. 3. 2013 жылға 8 841 146 мың теңге мөлшерінде субвенция орнатылсын. 4. 2013 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 50 000 мың теңге сомасындағы мөлшерінде бекітілсін. 5. 2013 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|