|
|
|
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында: 3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама - жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз қызметкерлерін - Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды немесе біліктілігін арттыруды қамтитын, құзыретті органмен және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;»; 5-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметін жүзеге асыратын, бірақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық кіріктірілген білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жұмыс беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынады.»; үшінші бөліктің 3) тармақшасындағы «жұмысқа орналасуға берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.» деген сөздер «жұмысқа орналасуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктеріне берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.»; 18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жұмыс берушілер қатарындағы: кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар; технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын; «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алған; шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын; шетелдік жұмыс күшін шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктеріне тартатын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатын жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде ерекше шарттар көзделмейді.»; 36-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;»; көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.»; көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 467 қаулысына қосымша
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына 5-қосымша
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпараттың нысаны
Ескертпе: шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: _________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |