«Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 4-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 1-НҚ Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 4-НП нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7189 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 8 қазанда № 486-487 (26879) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi қаулы етедi:»; аталған нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі осы нормативтік қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын. 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы (В.В. Супрун) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|