«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2010.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi; 2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi; 3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны; 4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны бекітілсiн; ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысаны бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкілеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын; ҚР Үкіметінің 2006.27.12. № 1294 Қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) өтініш берушілерге нысаны осы қаулымен бекітілген, он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініш бланкілерінің, сондай-ақ Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесіне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтердің тегін берілуін қамтамасыз етсін; 2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Бала тууына байланысты берілетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 100-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 503-құжат). 4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiлетiн Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2307 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «және бала күтімі жөніндегі» деген сөздер «, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 990 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi
Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi.
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мынадай түрдегi ақшалай төлемдер: бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы); бала бiр жасқа толған күнді қоса алғанда оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы); он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы); он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы); 2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары; 3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - Астана және Алматы қалаларының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы; 4) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілеттi ұйым - банктік операциялардың тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері; 5) отбасы - некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар тобы; 6) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы; 7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi; 8) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам; 9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнайы комиссия; 10) уәкiлеттi ұйым - бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асыратын ұйым («Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны); 11) уәкілетті ұйымның бөлімшелері - уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері; 12) уәкілетті ұйымның филиалы - уәкілетті ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары; 13) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
2. Жәрдемақыларды алуға өтiнiш беру тәртібі
2. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшелеріне мынадай адамдар өтініш жасайды: 1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатынына (қатыспайтынына) қарамастан, бала күтімін жүзеге асыратын адамдар; 2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін: баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдар; 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адамдар. 3) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін: мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасы немесе әкесі, бала асырап алушы, қамқоршы (қорғаншы). Жоғарыда аталған жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасаған кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы акті (актілер) жазбасы (жазбалары); 3) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі; 4) бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны алу үшін өтініш иесінің тұратын жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алу үшін отбасының тұратын жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5) отбасы құрамы туралы мәліметтер (бала туғанда берiлетiн және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес); 6) баланың мүгедектігі туралы анықтама (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін). Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртпалы талоны өтініш иесіне қайтарылады. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі өтініш иесінен қабылданатын құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар көшірмелерінің сапасын және түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініштер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда тіркеледі. 3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиiс. 4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды: 1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш; 2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері); 3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі; 4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер; 6) осы Ережеге 3, 4-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер. Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне тапсырады. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқаларымен ұсынылады. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкімі құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, оларды тіркейді, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртпалы талоны өтініш иесіне қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi ұсына отырып расталады. 5. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкімі өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiлерден құжаттар қабылданған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешiктiрмей балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тапсырады. 6. Ата-анасының бiреуi, қамқоршылары немесе қорғаншылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы. 7. Бала асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) тиiстi органның асырап алу немесе балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгілеу туралы шешiмін және (немесе) шешімінің үзінді көшірмесін ұсынады.
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбі
8. Бала күтiмі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толған күнді қоса тағайындалады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады. 9. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш берілген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады. 10. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан тағайындалады. 11. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі өтініш иесінен өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш иесінің осы Ережеге сәйкес ұсынған құжаттарынан қалыптастырылған қағаз жеткізгіштегі іс макетін (бұдан әрі - іс макеті) және электрондық цифрлық нысанда қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған өтініш иесінің электрондық іс макетін (бұдан әрі - электрондық іс макеті) қалыптастырады. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы электрондық іс макетін қалыптастыру үшін іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі макетке сәйкестігін тексереді, шешімнің жобасын осы Ережеге 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысанда қалыптастырады, жәрдемақы мөлшерін есептейді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады. Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі - шешім жобасы) білдіреді. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкестігін, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің, шешім жобасының ресімделуі дұрыстығын тексереді және оны электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырады. 12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі электрондық іс макетін электрондық шешімнің жобасымен және осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электрондық байланыс арқылы уәкілетті ұйымның филиалына жібереді. 13. Уәкілетті ұйымның филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен шешімнің жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және шешімнің ресімделу дұрыстығын тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен қоса бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Шешімнің жобасы уәкілетті ұйым филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылады. 14. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макеті мен шешімнің жобасын бес жұмыс күні ішінде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) жөнінде шешім қабылдайды. Шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі - шешім) білдіреді. 15. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органның маманы: 1) шешімді осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмір бере отырып, автоматты режимде тіркейді; 2) электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса, электрондық байланыс арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді. Электронды іс макеттердің есебін жүргізу үшін қағаз жеткізгіштегі электрондық хабарламаның данасы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органда қалады. 16. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін, іске осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда нөмір береді, одан кейін көрсетілген шешімді қағаз жеткізгіште өтініш иесінің іс макетіне қосып тігеді. 17. Сканермен көшірілген электрондық іс макеті құжаттарына күмән туындаған жағдайда бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган электрондық іс макетімен салыстыру үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесінен іс макетін сұратады. 18. Егер бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетінен шешім қабылдау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаған және (немесе) іс макетінен қате тапқан жағдайда, электрондық іс макетін шешім жобасымен, электрондық хабарламамен қоса уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық байланыс арқылы қайтарады. Электрондық хабарламаның тиісті бағанында қайтарудың нақты себебі көрсетіледі. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті түскен күннен бастап: бес жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және (немесе) өтініш беруші қосымша құжаттарды ұсынған кезде отыз жұмыс күні ішінде осы Ереженің 11-15-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін қайта ресімдейді. 19. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді. Бұл ретте электрондық іс макеті шешіммен, электрондық хабарламамен және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса, электрондық байланыс арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне қайтарылады. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органнан хат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтініш берушіні жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабардар етеді және ұсынған құжаттарын (өтінішті қоспағанда) бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса өтініш иесіне қайтарады. 20. Жәрдемақыларды төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады. 21. Бала туғанда берілетін жәрдемақы жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде жасаған кестеге сәйкес бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешімнің негізінде төленеді. 22. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта төленедi. Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар тұрған жағдайда, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді. Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей бір уақытта төленедi. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай аяқталғанда тоқтатылады. Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жәрдемақыларды төлеу әділет органдарында тіркеуден шыққан айды қоса төленеді. 23. Айлық есептiк көрсеткiштiң және (немесе) ең төменгі жалақының мөлшерi өзгерген жағдайда уәкілетті ұйымның бөлімшесі осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысанда шешімнің жобасын дайындайды және оны осы Ереженің 11-15-тармақтарында көзделген тәртіппен бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға бекітуге жiбередi. 24. Шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылатын немесе бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, уәкілетті ұйымның бөлімшесі осы Ережеге 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысанда шешім жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар бар болса) толықтырылған электрондық іс макетімен бірге осы Ереженің 11-15-тармақтарында көзделген тәртіппен бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға бекітуге жібереді. 25. Бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды төлеу төлемді тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл жөнінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі жәрдемақы алушыны хабардар ету үшін хат дайындайды. 26. Бала күтiмi жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды алушылар көрсетілген жәрдемақыларды алу құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы уәкiлеттi ұйымның бөлімшесін күнтізбелік 15 күн ішінде хабардар етуге мiндеттi. Өтініш иесі бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады. 27. Уәкiлеттi ұйым бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды. Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады. 28. Министрлік қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады. 29. Уәкiлеттi ұйым облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестенi жасайды және белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады. 30. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлік пен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады. 31. Төленген сомалар бойынша уәкілетті ұйым мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады. |