Осы редакция 2013 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» (2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеуді тиісті облыстың (Комитетте тіркеуге жататындардан басқасы) филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден алуды уәкілетті органдар орталықтар арқылы жүзеге асырады. Заңды тұлғалардың: банктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктердің (оның ішінде барлық саяси партиялардың) қызметінің тоқтатылуын, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни бірлестіктерді есептік тіркеуден алуды Комитет жүзеге асырады. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 16 және 16-1-баптарының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz; «Ақпараттық материалдар» деген бөлімде; 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат call-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Комитеттің немесе уәкілетті органның заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы немесе бас тарту туралы бұйрығын қағаз жүзінде беру болып табылады. Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығарудан бас тартылған жағдайда қағаз жүзінде берілген құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес келмеуіне сілтеме жасалған дәлелді бас тарту беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған және қолхат алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - күнтізбелік 10 күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттар тапсырған кезде (мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішті берген) кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; 3) мемлекеттік қызмет алушының өтініш жасаған жерінде сол күні көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; 4) дайын құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеппен ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген ставка бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін төленеді. 1) Комитетте: Комитетте еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін құжаттарды қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 2) орталықта: Құжаттарды қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. 10. Орталық мемлекеттік қызметті заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған ғимаратында көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алушылар заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке немесе орталықтарға мынадай құжаттар: 1) белгіленген нысан бойынша өтінішті; 2) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімін; 3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін; 4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжатын; 5) таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі туралы мәліметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін; 6) тарату балансын; 7) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе өзге де органның заңды тұлғаның мөрі басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекіту туралы шешімін; 8) заңды тұлға мөрінің жойылғандығы туралы құжатын; 9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжатын; 10) салық, міндетті зейнеткерлік жарналары және әлеуметтік аударымдары жөнінде берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасын; 11) кеден органдарының кедендік төлемдер бойынша берешектері жоқ екендігі туралы анықтамасын; 12) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшін) күші жойылғандығы туралы уәкілетті органның хабарламасын; 13) тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе құжатын ұсынады. Соттың шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметті Комитет, уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. Мемлекеттік қызмет алушылар филиалды және өкілдікті есептік тіркеуден шығару үшін орталықтарға мынадай құжаттарды: 1) белгіленген нысан бойынша өтінішті; 2) заңды тұлғаның филиалының (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның мөрімен бекітілген және соттың филиалды (өкілдікті) тарату туралы шешімдерін; 3) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің және филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқаларын; 4) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжатын; 5) филиалдың (өкілдіктің) тұрған жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасын (шетелдік заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі үшін) ұсынады. Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. 12. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштер бланкілері күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылады не орталықтың консультантында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz болады. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. 14. Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. 15. Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде күн сайын жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызметті алушы заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы бұйрықты алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді. 16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.
17. Комитет, уәкілетті органдар мен орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары: 1) заңдылық; 2) сыпайылық; 3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну; 5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақытында ұсынылуы; 6) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету; 7) мемлекеттік қызметті алушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапалық және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапалылығы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Қызметкерлердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа немесе портал арқылы жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін уәкілетті органның немесе Комитет басшысының атына беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. 22. Орталық қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың басшысы немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Басшылардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі. 25. Қолмен алып келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады. Қолмен алып келген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Қолмен алып келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. 26. Комитеттің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасы
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасы
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
|