Осы редакция 2013 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
1. «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді тиісті облыстың уәкілетті органы орталықтар арқылы жүргізеді (Комитетте тіркеуге жататындарды қоспағанда). Банктердің, республикалық және аумақтық мәртебесі бар қоғамдық ұйымдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу (оның ішінде барлық саяси партиялардың), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың, республикалық және аумақтық мәртебесі бар діни ұйымдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу Комитетте жүзеге асырылады. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 14-бабы негізінде жүзеге асырылады. 4.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына: www.minjust.kz; 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсына: www.con.gov.kz; 3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат call-орталығы телефоны (1414) арқылы да беріледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті бизнес-сәйкестендіру нөмірін және қағаз тасығышта салық төлеушінің куәлігін (салық төлеушінің тіркеу нөмірін) қоса ұсыну болып табылады. Заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкілдіктердің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден бас тартылған жағдайда ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасалып, қағазға тасығышта дәлелді жауап беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету құрылу мақсаттарына, қызметінің түріне және сипатына, қатысушыларының (мүшелерінің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасында құрылған барлық заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет алушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажет құжаттарды тапсырғаннан сәттен бастап және қолхат алған мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - он жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады); 2) құжат тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беру) - 20 минуттан аспайды; 3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; 4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттар аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз жүргізіледі. 1) Комитеттің: Комитетте жұма, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін құжаттарды қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 2) орталықта: орталықтарда құжаттарды қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мобильдік орталықтар құжаттарды қабылдауды орталықтың бекітілген кестесіне сәйкес, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес уақыт бойы жүзеге асырады. 10. Орталық мемлекеттік қызметті заңды тұлғаның тұрған жері бойынша анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стеніділер орналасқан, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалынған ғимаратының залында көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды: 1) белгілеген нысан бойынша өтінішті; 2) заңды тұлғаның уәкілетті органының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы мөр басылған шешімін не шешімінен үзінді-көшірмесін; 3) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрінде не мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған жаңа редакциядағы құрылтай құжаттары ретінде ресімделетін құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың үш данасы заңды тұлғаның мөрі басылып, тігілген және нөмірленген түрінде ұсынады. Егер құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нотариалдық куәландыруға жататын болса, онда оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да нотариалдық тәртіппен куәландырылады. 4) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелерін ұсынады. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тіркеуші органға мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және салық төлеуші куәлігінің көшірмесі; 5) бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі); 6) жаңа тұратын жерін растайтын құжат (тұратын жерін өзгерткен жағдайда) табыс етіледі. Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адам қол қояды. Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер шаруашылық серіктестіктері және мемлекеттің үлестік қатысы бар акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекет қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тізілімін ұстаушының белгісі бар өтінішті табыс етеді. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда уәкілетті органға құрылтай құжатының және басқа құжаттардың орнына құрылтайшы - заңды тұлғаның салық борышы жоқ (бар) екендігі туралы салық органының анықтамасы беріледі. Жалдау, сатып алу-сату шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі, жылжымайтын мүлікке құқықтың тіркелгені туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат заңды тұлғаның тұратын жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болса, үй-жайдың заңды тұлғаға тұратын жері ретінде берілгені туралы жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі ұсынылады. Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаты нысанында алады. 12. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері, күту залында арнайы тағанда не орталықтың қызметкерлерінде, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның: www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операция жүргізу залында жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. 14. Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде, мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін мынадай мәліметтері бар нысан бойынша тиісті құжаттар қабылданғаны туралы: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні; 2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. 15. Орталықтарда мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде күн сайын жүзеге асырады. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алу үшін мерзімінде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органдарға береді. 16. Орталық осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін мемлекеттік қызмет алушы ұсынбаған жағдайда, құжатты қабылдаудан бас тартады. Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетпейтін құжаттарды көрсетіп, қолхат береді. Комитет пен уәкілетті органдар заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібі бұзылған кезде; табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған немесе онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мұрагерлігі туралы ереже болмаған кезде; бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегі болған кезде; егер құрылтайшы әрекет етпейтін заңды тұлға болса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшылары және (немесе) басшылары болса; әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған болса, және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталған болса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжатын ұсынса мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
17. Комитет, уәкілетті органдар мен орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) заңдылық; 2) сыпайылық; 3) азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну; 5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақтылы ұсынылуы; 6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету; 7) мемлекеттік қызметті алушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызметті көрсететін Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпарат call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша беріледі. 21. Көрсеткен қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерді қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 22. Орталықтың қызметкері тиісті қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына немесе «Орталық» РМК-ның басшысының атына беріледі, орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. 23. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуді сапасыз ұсынғанын растайтын құжаттар қоса беріледі. 25. Уәкілетті органға қолма-қол келген және пошта арқылы келген шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады. Қолма-қол әкеліп берген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретінде шағымды қабылдаған тұлға талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері көрсетіледі. Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа өтініш жасаған кезде. Қолма-қол келген және пошта арқылы қабылданған шағымдарды қабылдаудың растамасы орталық кеңсесінде және «Орталық» РМК-де тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. 26. Комитеттің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.кz.
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасы
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасы
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
|