|
|
|
Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы (2015.20.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Ұсынылып отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін (бұдан әрі - Қағидалар). 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын. 5. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалар 2-тармағының 3), 4) тармақшаларын қоспағанда алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) арнаулы (әскери) оқу орындарына қысқартылған мерзімде жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламалары бойынша азаматтарды оқуға қабылдау тәртібін белгілейді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қысқартылған мерзімде оқуға жоғары білімі бар, жасы 21-ден кіші емес, сондай-ақ: 1) жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша еңбек өтілі бір жылдан кем емес; 2) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге ие, денсаулық жағдайы және физикалық жағынан дамыған; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша қазақ тілінің базалық деңгейін білу. 4) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған күннен бастап оқуға түсуге кандидаттың жасы анықталады, сондай-ақ еңбек қызметінің өтілі есептеледі. Оқуға түсуге кандидатты арнаулы (әскери) оқу орнының басшысы оқуға түскен жылдың 31 шілдесіне дейін оқуға қабылдайды. Осы Қағидалар 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талапқа кандидат деректерінің сәйкестігін анықтаған кезде еңбек қызметінің өтіліне, сонымен қатар мерзімді әскери қызметті өткеру және магистратурада оқу уақыты да есептеледі. 4. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес оқу мерзімі қысқартылған мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша іріктеу жүргізеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге тілек білдірген азаматтар (бұдан әрі - оқуға кандидаттар) оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсанға дейін ҰҚК құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына және аумақтық органдарына (бұдан әрі - ҰҚК органдары мен бөлімшелері) ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш жазады. Мыналар өтінішке қоса беріледі: 1) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, дипломға қосымшаның көшірмесі (транскрипт); 2) жеке басын куәландыратын құжат (көшірме); 3) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см); 4) әскери билет немесе әскерге шақырылушының куәлігі (көшірме); 5) еңбек кітапшасы немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжат (көшірме); 6) өмірбаян (түпнұсқа). 6. ҰҚК Кадрлар департаменті оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 қазанға дейін ҰҚК бөлімшелері мен органдары үшін ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілетін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге кандидаттарды жіберу бойынша өкімдеме дайындайды. 7. Өкімдеме ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппаратында бекітілгеннен кейін: 1) бұқаралық ақпарат құралдарына, ҰҚК ресми интернет-ресурсына ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсу үшін өтініш беру мерзімдері, сондай-ақ өтінішке қосымша тіркелетін құжаттардың тізбесі туралы хабарландыру беру ұйымдастырылады; 2) кандидаттарды кәсіби бағыттау, іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстар олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. 8. Қызметке жарамдылығын анықтау үшін кандидаттар тұрғылықты жері бойынша әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. 9. ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға кандидаттардың жинақталған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 20 мамырына дейін жолдайды. 10. ҰҚК Кадрлар департаменті ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы кандидаттарды ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты арқылы хабардар етеді.
2. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі
11. Қабылдау және мандаттық комиссиялар ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамына басшы, сондай-ақ ҰҚК бөлімшелері мен органдарының өзге де қызметкерлері мен әскери қызметшілері кіреді. Қабылдау және мандаттық комиссиялар осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарын курсанттармен сапалы қамтамасыз етуге бейімделеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Қабылдау комиссиясы төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның сегіз мүшесінен кем емес құрамнан құрылады. Қабылдау комиссиясы: 1) оқуға түсетін кандидаттардың жеке істерін тексеруді жүзеге асырады; 2) соңғы кәсіби іріктеуге қатысуға жіберілген оқуға кандидаттардың тізімін бекітеді; 3) соңғы кәсіби іріктеу жүргізеді; 4) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады; 5) конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді; 6) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Қабылдау комиссиясының қызметіне төраға басшылық етеді. Қабылдау комиссиясының төрағасы ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары (бастықтардың орынбасарлары) қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, оның мүшелерінің өкілеттіктерін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, оқуға кандидаттарға соңғы кәсіби іріктеу жүргізуді ұйымдастырады. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ҰҚК бөлімшелері мен органдары басшы құрамының қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, оның жұмысы туралы есебінің жобасын әзірлейді. 14. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қажеттілікке байланысты комиссия төрағасының шешімімен жүргізіледі және хаттамалармен ресімделеді. Қабылдау комиссиясының шешімі бекітілген құрамның кемінде үштен екі мүшесі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 15. Мандаттық комиссия ҰҚК арнаулы(әскери) оқу орындарына оқуға кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау мақсатында құрылады. 16. Мандаттық комиссия төраға, екі орынбасар, хатшы және комиссияның жеті мүшесінен кем емес құрамнан құрылады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Мандаттық комиссия: 1) ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы одан әрі соңғы кәсіби іріктеуден өту үшін ұсынған оқуға кандидаттардың жеке істерін іріктеп тексеруді және талдауды жүзеге асырады; 2) соңғы кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген оқуға кандидаттармен әңгіме өткізеді; 3) оқуға кандидаттардың оқуға қабылдау мәселелері жөніндегі шағымдары бойынша қорытынды шешім қабылдайды; 4) оқуға кандидаттарды кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша талдау жасайды және осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді. 18. Мандаттық комиссияның төрағасы болып ҰҚК Төрағасы орынбасарларының бірі тағайындалады. Мандаттық комиссия төрағасының орынбасарлары ҰҚК бөлімшелері мен органдары және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары қатарынан тағайындалады. Мандаттық комиссияның хатшысы болып ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының кадрлар бөлімшесі бастығының орынбасары немесе қызметкерлерінің бірі тағайындалады. Мандаттық комиссия мүшелері болып ҰҚК бөлімшелері, органдары, ведомстволары және арнаулы (әскери) оқу орындары басшы құрамының адамдары тағайындалады. 19. Мандаттық комиссия жыл сайын құрылады және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы жұмыс істеген кезеңде әрекет етеді. Мандаттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады. Мандаттық комиссияның жұмысын ұйымдастыру комиссия төрағасының орынбасарына, ал іс қағаздарын жүргізу комиссияның хатшысына жүктеледі. Мандаттық комиссияның отырысы қажеттілікке байланысты жүргізіледі. Отырыс барысы және шешімдер хаттамамен ресімделеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Оқуға кандидат ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясына салыстыру үшін: жеке басын куәландыратын құжатын, жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы дипломын, дипломға қосымшасын (транскрипт), әскери билетін немесе әскерге шақырылушының куәлігін, «КАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін растайтын сертификатын көрсетеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21. Оқуға кандидаттарды оқу орнына қабылдау тәртібі, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау мәселелері және кәсіби іріктеу нәтижелері туралы соңғы шешімдері ақпараттық тақтада орналастырылады. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22. Оқуға кандидаттарға медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығына, дене шынықтыру дайындығына, саясаттанудан білімін және жазба-сөйлеу дағдыларын (эссе жазу формасындағы жазбаша жұмысты орындау) тексеретін соңғы кәсіби іріктеу жүргізіледі. 23. Соңғы кәсіби іріктеуді жүргізу үшін арнайы (пәндік, сараптық) комиссиялар (бұдан әрі - арнайы комиссиялар) құрылады. Аталған комиссиялардың төрағалары болып қабылдау комиссиясының мүшелері тағайындалады, арнайы комиссия құрамына ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен аумақтық органдарының тәжірибелі қызметкерлері, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының оқытушылары қатарынан кемінде үш адам кіреді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. Оқуға кандидаттың кәсіби жарамдылығын тексеруді арнайы комиссия жүзеге асырады және қызметтік іс-қимылдың жоспарланып отырған учаскесіне (бағытына) қойылатын талаптарға оның кәсіби біліктілігінің сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015.20.03. № 15 бұйрығымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 25. Оқуға кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізу «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы № 437 қбп бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10328 тіркелген) сәйкес жүргізіледі. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарында медициналық куәландырудан өткізу үшін жыл сайын ҰҚК Төрағасының бұйрығымен штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі - ӘДК) құрылады. ӘДК құрамын ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы құрады. ӘДК құрамына ҰҚК әскери-дәрігерлік бөлімшелерінің және ұлттық қауіпсіздік органдары басқа да әскери-дәрігерлік комиссияларының тиісті мамандықтағы медицина қызметкерлері кіреді. Медициналық куәландырудан өткізу кезінде кандидаттардың арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамдылығы анықталады. 26. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеруді осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшемдері бойынша арнайы комиссия жүзеге асырады. 27. Саясаттану бойынша білім деңгейін тексеру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім көлемінде әңгімелесу түрінде өткізіледі. 28. ҰҚК аранулы (әскери) оқу орындарына қабылдау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әскери қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 29. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау соңғы кәсіби іріктеу нәтижесі бойынша конкурстық негізде мандаттық комиссияның шешімімен жүргізіледі. 30. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының қатарына қабылдау үшін конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда мыналар артықшылық құқық иеленеді: 1) үздік білім туралы құжаттары (дипломы) бар тұлғалар; 2) диплом қосымшасында (транскриптте) анағұрлым жоғары орташа балы бар тұлғалар. 31. Курсанттар қатарына қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны бастығының бұйрығымен ресімделеді.
бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау 1-қосымша
Оқу мерзімі қысқартылған мамандықтар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы: Мамандығы - ұлттық қауіпсіздікті қарсы барлаумен қамтамасыз ету. Біліктілігі - ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметкері. Академиялық дәрежесі - қарсы барлау бакалавры.
бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау 2-қосымша
Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшемдері Ерлер
1-топ 25 жасқа дейін:
2-топ 25-30 жас
3-топ 30-35 жас аралығы
Әйелдер
1-топ 25 жасқа дейін
2-топ 25-30 жас аралығы
3-топ 30-35 жас аралығы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |