|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2013.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 22-құжат): 1-тармақта: 1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Запастағы офицерлерді әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты; 2) «Запастағы сарбаздарды, сержанттарды әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;»; мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын: «6) «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 7) «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 8) «Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 9) «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты; 10) «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|