Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы (2012.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже; 2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру; үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту; азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау; үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды: үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді; мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді. Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге; Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға; үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады. Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады; Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді; Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады. 8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 85 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. 10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
ҚР Үкіметінiң 2006.27.06. № 588 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; 2007.17.07 № 603 қаулысымен ( бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.06. № 696 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.01. № 85 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
|