«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 550 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер; 2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|