Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1063 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 2-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 шілдедегі
№ 1063 қаулысымен
бекітілген
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың
тізбесі
Р/с № | Компаниялардың атауы |
1. | «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы |
2. | «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы |
3. | «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы |
4. | «Каzуnа Саріtаl Management» акционерлік қоғамы |
5. | «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы |
6. | «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы |
7. | «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамы |
8. | «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы |
9. | «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания «KEGOC» акционерлік қоғамы |
10. | «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
11. | «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы |
12. | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
13. | «Қазпочта» акционерлік қоғамы |
14. | «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы |
15. | «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы |
16. | «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы |
17. | «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
18. | «Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
19. | «Самұрық-Қазына Келісім-шарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20. | «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
21. | «Біріккен химия компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
22. | «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |