Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі - МҒТС) ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қатынастарды реттейді. 2. МҒТС сараптау қорытындыларының тәуелсіз, объективтілік, құзыреттілік, кешенділік, сенімділік, толық және дәлелділік қағидаттарында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға талдамалық бағалауды дайындау мақсатында жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|