Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен күші жойылды
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысына 2-қосымша
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 141-бабының 19) тармақшасына, «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарттар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеге (бұдан әрі - Тексеру комиссиялары) сәйкес әзірленді. 2. Қағида бақылау қызметін жоспарлау, бақылауға дайындалу, бақылауды жүргізу, бақылаудың қорытындысы бойынша есептерді ресімдеу, шешімдердің орындалуын мониторингілеуді және бақылауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014.10.12. № 5-НҚ нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау - тиісті мәслихаттарға есептер ұсына отырып, Тексеру комиссиясы жүзеге асыратын жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау (бұдан әрі - бақылау); 2) сәйкестікке бақылау жасау - бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|