Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2023.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымы бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкiмдерiне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына: 1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру; 2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін. 3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, облыс әкімінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына 1 реттен көп емес, мына: 1) қажетті құрылымдық бөлімшелерді құру; 2) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымымен көзделген құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, бөлу жолымен өзгерту құқығы берілсін. ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тиісті құрылымдық бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру кезінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|