Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 17 шілдедгі № 11/236 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына жіберсін. 4. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметі барысында әзірленетін құжаттардың сақталуын, есепке алынуын, өңделу сапасын және пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына, Қазақстан Республикасының тиісті сайлау комиссияларына, мемлекеттік мұрағаттарға жіберілуін және белгіленген мерзімдерде жойылуын қамтамасыз етсін. 5. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін. 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 қаулысына 1-қосымша
Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|