|
|
|
«Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы»; 2) қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі бекітілсін.»; 3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiнде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдікке) кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға берiледi. Саяси партияның сайлау қоры қаражатын пайдаланумен байланысты қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығы саяси партияның басшысына немесе партияның алқалық органының шешiмiмен уәкiлеттi адамға беріледі.»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат немесе саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:»; 6-тармақ алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат, саяси партия қамтамасыз етеді.»; 8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат, саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: қаражаттың шотқа келiп түскен күнi, қаражаттың банктен алынған күнi, қаражат сомасы, қаражат жұмсалған іс-шаралар, қаражаттың түскенiн және жұмсалғанын растайтын құжаттар жазылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлау алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады. Қайта дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткізілетін кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржылық операциялар қайта дауыс беру күні тағайындалған күні қайта жаңартылады және сайлау күнінің алдындағы күнгі сағат он сегізде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңымен белгіленген шектен аспауға тиіс. Әкімдікке кандидаттың сайлау қорына құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларына (бұдан әрі - Сайлау қағидалары) сәйкес белгіленген шектен аспауға тиіс.»; 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны басшылыққа алуы үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберсін. 3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының назарына жеткізсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 1-қосымша
Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидаттардың және саяси партиялардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі туралы
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттары депутаттарына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә. немесе саяси партиялардың толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған. 2. 201__жылғы ____________ жағдай бойынша сайлау қорының жалпы сомасы _______________ теңге.
Ескертпе : Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Қолдар: Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ә./ Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./
Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 2-қосымша
Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 2-қосымша
Нысан
Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы анықтама
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә., саяси партияның толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған.
Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақша қаражатының дереу қайтарылу шамасына қарай береді.
Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ә./ Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./
Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 3-қосымша
«Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының,
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә., саяси партияның толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған. 2. 201 __ жылғы ______________ жағдай бойынша сайлау қорының қалдығы -_____________________________ теңге.
Ескертпе: Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ә./ Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./
Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/214 қаулысына 4-қосымша
Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесіне 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі сайлау қоры қаражатын пайдалануы туралы есебі
1. Қорға түскен ақшалай түсімдердің көздері: (анықтамалар қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен қоса беріледі). 2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар:(анықтамалар қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледі). 3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 201 __ жылғы ______ жағдай бойынша -______теңге. 4. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге мөлшерінде республикалық бюджетке аударылды (төлем құжатының № мен күні). 5. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының № мен күні). Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, мәслихатының депутаттығына, әкімдігіне кандидат, саяси партия Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, банк растаған жеке шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.
Есепті растап қол қоюшылар: Банк мекемесінің басшысы: /Т.А.Ә./
М.О.
Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат: /Т.А.Ә./
М.О.
Партия жетекшісі немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адам: /Т.А.Ә./
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы: /Т.А.Ә./
М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |