Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 72 Қаулысымен бекітілген
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
1. Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекет мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші), «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2. «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт). 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет). 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар: 1) алушы - электрондық мемлекеттік қызметті көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 3) бизнес сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал және өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|