Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органға» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агент - жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған акционерлік қоғам; 2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; 3) егiстiң толық жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн жағдай; 4) егiстiң iшiнара жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, бiр гектардан өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудегi бағалау кiрiсi немесе iс жүзіндегі кiрiс мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген бiр гектарға жұмсалатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiру шығындары нормативiнiң мөлшерiнен кем болатын жағдай; 5) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел); 6) қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi бойынша зерттеу актiсi (бұдан әрi - зерттеу актiсi) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысан бойынша осы Заңда талаптар көзделген, егiстiң iшiнара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат; 7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiң жойылған алаңдарын айқындау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс; 8) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi; 9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - мiндеттi сақтандыру шарты) - осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт; 10) өсiмдiк шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi - қоғам) - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға; 11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм; 12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган; 13) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 14) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 15) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 16) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 17) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға; 18) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға; 19) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату; 20) шығындар нормативi - өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау жөніндегі қызметке осы Заңның күшi қолданылмайды.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объектісi Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары: 1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету; 2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау; 3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырлды 4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді; 2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеудің тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекітеді; 3) міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекітеді; 4) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекітеді; 5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларын бекітеді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртібін және зерттеу актісінің нысанын бекітеді; 7) гидрометеорология қызметі органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасының үлгі нысанын бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ толықтырылды 1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетiнiң орындалуына мемлекеттік бақылауды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган: 1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 2) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады; 3) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді; 5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) агенттің қоғамның қызметін, Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарайды; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады. 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілейді; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) қойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қоғамдардың атауын және орналасқан жерiн көрсете отырып, оның тiзiлiмiн ұсынады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы: 1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады. 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілейді; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық Банк жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді 5-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібi Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында: 1) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады; 2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолданады; Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды 5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері 1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi. 4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларының түрлерi Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларына зерттеу актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар нормативтерінің түрлері 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру сомасының мөлшері осы Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді. 2. Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативінің мынадай түрлерінің бірі бойынша: 1) ғылыми негізделген агротехнология; 2) оңайлатылған агротехнология; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) шығындардың үш түрі бойынша: жанар-жағар май материалдары; тұқым; жалақы арқылы жүзеге асырылады.
8-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi, бiрақ ол осы Заңмен белгiленген сақтандыру тарифiнiң мөлшерiнен кем болмауға тиiс. Сақтандыру төлемдерiн мемлекеттік субсидиялау ескерiле отырып, мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең төмен және ең жоғары мөлшердегi сақтандыру тарифтерi белгiленсiн: 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1)-4) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):
2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 2,01%, ең жоғары - 3,44%; 3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 5,76%, ең жоғары - 8,39%; 4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 0,92%, ең жоғары - 1,33%. 2. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудi сақтанушы жүргiзедi және ол өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң сақтандырылған түрiнiң өзiндiк құнына жатқызылады. 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы сақтандырушыға бiр мезгiлде немесе сақтандырушының келісімі бойынша мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн тәртiп пен мерзiмдерде мерзiмiн ұзартып төлейдi. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын, оны мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген бiр мезгiлде төлеу шартымен төлемеген жағдайда, мiндеттi сақтандыру шарты жасалмады деп есептеледi. Мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейiн не оның төлеу мерзiмi өтiп кеткенде басталса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн азайта отырып, төленбеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын есепке алуға құқылы.
9-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеу және оны жүзеге асырудың тәртібі 1. Сақтандыру төлемi франшизаны қолданбай-ақ, сақтандыру сомасы шегiнде сақтанушы залалының мөлшерiнде жүзеге асырылады. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтандырушының франшизаны (шартты немесе шартсыз) белгiлеуiне жол берiлмейдi, ал ол белгiленген жағдайда жарамсыз деп есептеледi. 2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді 2. Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмашылық ретiнде белгiленедi. Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құруға мiндеттi комиссия сақтанушының өтiнiшiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде белгiлейдi. Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi. Комиссия сақтандырушы мәлiмдеген егiс алаңын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен апатқа ұшыраған егiс алаңын анықтау әдiсi бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң апатқа ұшырау деңгейiн анықтайды: толық немесе iшiнара. Комиссия зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеу жүргізілген күні, қолайсыз табиғат құбылысының әрбір фактісі немесе олардың жиынтығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша жеке-жеке зерттеу актiсiн үш дана етіп жасайды. Зерттеу актісіне барлық комиссия мүшелері қол қояды, содан кейін ол агенттің, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкілдеріне беріледі. Егер комиссия мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және зерттеу актісіне қол қоймаса, ол комиссияға өзінің бас тартуының себептерін жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актісіне қоса тіркеуге міндетті. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнiң қолдары болған кезде зерттеу актiсi қабылданған болып есептеледi. |