2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы (2013.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1206 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1206 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) 2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1206 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - жобалық офис) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрлiктерiне ұсынсын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1206 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|