Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 436 қаулысымен бекітілген
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау»
1. Осы «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданылады: 1) тұтынушы - жеке тұлға; 2) уәкілетті орган - аудандық, қалалық білім бөлімдері; 3) уәкілетті органның жауапты қызметкері - лауазымдық қызметіне сәйкес жүктелген уәкілетті органның қызметкері; 4) уәкілетті органның бастығы - аудандық, қалалық білім бөлімдерінің бастықтары.
2. Осы мемлекеттік қызметтің регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабындағы 4 тармаққа сәйкес әзірленді. 3. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы регламенттегі 1 қосымшаға сәйкес уәкілетті орган көрсетеді. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N1119 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұсынылады (бұдан әрі - стандарт). 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет стандартының 5 тармағына сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|