Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің (2019.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Негізгі ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.20.06. № 277 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленген және Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі - балалар үйі) тәртібін айқындайды. 2. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің негізгі міндеті отбасы жағдайында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге, оқытуға, сауықтыруға және өз бетінше өмір сүруге қажетті жағдай жасау болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2018.23.05. № 222 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|