«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін. 1-тармақтың 2), 2-1) тармақшалары алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 236 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті; 4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|