Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы темір жол көлiгiнiң
Осы редакция 2009 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 Қаулысымен бекітілді 1999 ж. 23 сәуірде күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі бұдан былай Жақтар деп аталады, мыналарға байланысты: 1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы темір жол көлiгiнiң қызметiн реттеу туралы Келісімге. 1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық принциптер мен қарым-қатынастар шарттары туралы Келісімге. 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының экономикалық ынтымақтастығын бұдан әрi түбегейлендiру мен интеграциялау туралы Шартты, 1995 жылғы 20 қаңтардағы кедендiк одақ туралы Келісімге, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы темір жолдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы осы келісімге қол қойды:
Жақтар бiр мемлекеттiң темір жолына қарасты, бiрақ екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы кәсiпорындар мен мекемелердiң мүлiктiк кешенiн, сондай-ақ екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың мүлiктерiн басқаруға осы Келісім пәрмендi болған кезеңге тапсырылды деп есептеуге келiстi. Осы Келісімге пайдаланылған атаулар мынаны бiлдiредi: «темір жол көлiгiнiң мүлкi» - кәсiпорындар, олардың жеке объектiлерi, сондай-ақ осы Келісімге қол қою кезiнде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының темір жолдарының құрамына кiретiн учаскелерде орналасқан мекемелер мен ұйымдардың мүлкi жолаушылар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етедi, жүк алушылар мен жүк жөнелтушiлерге қызмет көрсетедi, темір жолшылар мен олардың отбасыларына қызмет көрсетедi. Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерiнiң Тiзiмi осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын № 1 қосымшада келтiрiлген; «мүлiктi басқару»: кәсiпорынға қатысты - басқарылуы мүлiк иесiмен немесе иесiмен уәкiлденген органмен жүзеге асырылатын қозғалмайтын мүлiктен, қозғалмалы құрам мен контейнерлерден басқа, кәсiпорынның балансындағы мүлiктi шаруашылық жүргiзу, иелену, пайдалану және бөлу құқығы; мекеме мен ұйымға қатысты - мекеме мен ұйымға бекітілген мүлiктi жедел басқару, иелену, пайдалану және бөлу құқығы. Мекеме мен ұйымның смета бойынша бөлiнген қаржы есебiнен алынған өзiнiң атына бекітілген мүлiктi бөлектеуге немесе басқа әдiспен бөлуге құқығы жоқ.
Темір жол көлiгiнiң объектiлерi өздерi орналасқан мемлекеттiң меншiгi болып табылады. Темір жол көлiгiнiң жаңадан салынған объектiлерi мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлiктерi қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттiң меншiгi болып табылады. Темір жол құрамына кiретiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың сондай-ақ кәсiпорындар, мекемелердiң жеке мүлiктерi мемлекет иелiгiнен алынбайды және жекешеленбейдi.
Осы Келісімнiң пәрмендi кезеңiнде темір жол салуға бөлiнген жерлер мен стансалар (жол бойының маңайын қосқанда), құрылыстар мен ғимараттар, қорғау және нығайту егiстерi және кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басқа объектiлерi (бұдан әрi темір жол көлiгiнiң жерлерi) осы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың пайдаланылуына жатады. Темір жол көлiгiнiң кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдардың өндiрiстiк және әлеуметтiк базасын дамытуға жер беру, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң жерлерiн пайдалану тәртібі солардың орналасқан аумағындағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленедi.
Жер салығы аумағында темір жол көлiгiнiң жерлерi орналасқан мемлекеттік заңдарына сай белгiленедi.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының, сондай-ақ Ресей Федерациясының темір жолдарының кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру мен жою Жақтардың немесе Жақтармен жарияланып, олармен өкiлеттенген мемлекет органдарының келісімi бойынша солар орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметiн қаржыландыру солар енетiн темір жолдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға темір жол тарифтерiн қолдану тәртібі осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын № 2 Қосымшада келтiрiледi.
Кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегi мен еңбекақысының мәселелерi осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар құрамына кiретiн темір жолдардың мемлекеттік заңдарына сәйкес реттеледi. Аталмыш кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерi мен еңбек ардагерлерiне осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген қызметкерлерге өздерi тұратын аумақтағы мемлекеттік азаматтары үшiн белгiленген барлық әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдемелер жарамды.
Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметi өздерi орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленген тәртiпте жүзеге асырылуы мүмкiн.
Бiр жақ мемлекетiнiң аумағынан сол мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ бiр Жақ мемлекетiнiң аумағынан екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан темір жол учаскелерi бойынша және сол темір жол шеңберiнде екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағына тасымалданатын жолаушылар мен жүкке байланысты мемлекет шекарасының өту кезiнде ерiп жүретiн әскери күзеттiң қарулы нарядтарын, сондай-ақ жолаушы пойыздарына ерiп жүретiн милиция нарядтарын және жолаушы жүк пойыздарына ерiп жүретiн әскери нарядтарын (қарауылдарын) өткізу Жақтардың тиiстi органдарымен алдын ала мәлiмдей отырып, құзырлы органдармен қаруға берiлетiн құжаттарды ұсыну бойына кедергiсiз жүзеге асырылады. Осы Келісімнiң пәрмендiк саласына қатысты мәселелер бойынша Жақтардың арасындағы пiкiр таластар мен даулар екiжақты келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
Әскери күзет атқыштары мен милиция қызметкерлерi жолаушылар мен жүкке ерiп жүруге байланысты қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде сол мемлекеттiң заңдарына сәйкес жолаушылар мен темір жол персоналдарын қорғау, тасымалданатын жүктердi ұрланудан сақтауды және өзiн-өзi қорғауды қамтамасыз ету мақсатында табельдiк қаруын қолдануға құқығы бар.
Осы Келісім жақтардың өзаралық келісімi бойынша жазбаша түрде өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Осы Келісім күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiнiң процедуралары орындалғаны туралы жақтардың соңғы мәлiмдеме жасаған күнiнен бастап күшiне енедi және жақтардың бiреуiнiң жазбаша түрде оның күшiн тоқтататыны туралы ниетiн мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенге дейiн пәрмендi болады.
1996 жылғы 18 қазанда Москва қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей болып жасалды. Осы Келісімдi түсiнуде өзгешелiктер туындаған жағдайда орыс тiліндегі мәтiн басымшылық алатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы темір жол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерiнiң және ұйымдарының қызметiн реттеудiң ерекшелiк құқығы жөніндегі Келісімге № 1 Қосымша
Қазақстан Республикасы Мен Ресей Федерациясының бiр Жақ мемлекеттiң темір жолдар құрамына енетiн, бiрақ екiншi
А. Ресей Федерациясының темір жолдарының құрамына енетiндерi (бары - 816 шақырым):
Приволжск темір жолы
Шеңгелi разъезi - Полынный разъезi - 76 шақырым (Ж. Басқұншақ - Ұрбақ желісі) Iңгелi разъезi - Коммунистiк разъезi - 35 шақырым (Ж. Басқұншақ - Ұрбақ желісі)
Оңтүстiк - Орал темір жолы
Орск стансасы - Никель-Тау стансасы - 98 шақырым (Орск - Қандыағаш желісі) Шағалық аялдау пунктi - Тобыл стансасы - 116 шақырым (Тобыл - Қарталы желісі) Саламат стансасы - золотая Сопка стансасы - 66 шақырым (Карталы - Золотая Сопка желісі) Зауралье стансасы - Пресногорьковская стансасы - 40 шақырым (Новоесiм - Отық желісі) Горбуново стансасы - Юнино стансасы - 188 шақырым (Қорған - Петропавловск желісі)
Батыс - Сiбiр темір жолы
Шерлiк стансасы - Тереңгүл стансасы - 137 шақырым (Ертіс - Қарасуық желісі) Граничная стансасы - Қызыл-Ту стансасы - 60 шақырым (Ертіс - Қызыл-ту желісі) Б. Қазақстан Республикасының темір жолдарына енетiн (бары - 313 шақырым):
Батыс - Қазақстан темір жолы
2 разъезi - Қиғаш разъезi - 13 шақырым (Гурьев - Ақсарай желісі) Озинки стансасы - 225 шақырым разъезi - 11 шақырым (Озинки - Iле желісі) Уютный разъезi - Қосарал стансасы - 146 шақырым (Озинки - Iле - Қандыағаш желісі)
Алматы темір жолы
543 шақырым аялдау пунктi - Локоть стансасы - 18 шақырым (Локоть - Семей желісі) Қазақстандық разъезi - Локоть стансасы - 97 шақырым (Локоть - Защита желісі)
Тың темір жолы
Құлынды стансасы - Қуқамыс стансасы - 28 шақырым (Құлынды - Павлодар желісі)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы темір жол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерiнiң және ұйымдарының қызметiн реттеудiң ерекшелiк құқығы жөніндегі Келісімге № 2 Қосымша
Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi
Ресей Федерациясының өз iшiнде және Қазақстан Республикасының өз iшiнде жолаушылар мен жүктердi транзитпен тасымалдауы кезiнде құрамына осы учаскелер енетiн темір жолдың тарифтерi № 1 қосымшаға сәйкес қолданылатын болады. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темір жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстанның темір жолы стансаларынан Ресей темір жол стансаларына және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясының темір жолдарындағы пәрмендi тарифтерi қолданылады. Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан қазақстандық темір жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темір жол стансаларынан Қазақстанның темір жол стансаларына, және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы пәрмендi тарифтер қолданылады. Аталмыш тасымалдаулар үшiн валюта төлемi жақтардың мемлекетiнде пәрмендi ережелерге сәйкес белгiленедi. Осы Келісімнiң № 1 Қосымшасында көрсетiлген темір жол учаскелерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде аумағында осы учаскелер орналасқан сол мемлекеттiң iшкi тарифтерi қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшiн төлемдер аумағында тасымалдау орындалатын мемлекеттiң валютасымен алынады. Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауда пәрмендi халықаралық Келісімдерге сәйкес белгiленген тарифтер қолданылады.
|