Өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысанын бекіту туралы (2013.22.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 14-бабы 1-тармағына және «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілерді тексеру мәселелері жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануынын қамтамасыз етсін; 2) ай сайын есептілік айдан кейінгі айдың 10 күніне және келесі есеп жылының 20 қаңтарына жүргізілген тексерулер мен олардың нәтижелері туралы ведомстволық есептіліктің жинақталған мәліметтерін облыстар мен Астана және Алматы қалалары бөлінісінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Т. Өмірияевке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|