Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы (2020.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.27.02. № 88 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) қызметінің үлгілік қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, «Білім-инновация» лицей-интернатының) қызметінің үлгілік қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын; 3) осы бұйрықтың білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|