|
Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы (2013.28.02 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесі бекітілсін. 2. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 01-01-31/149 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6257 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығымен бекітілген
Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) тыйым салынған мүлікті сату тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: аукцион - тыйым салынған мүлікті сату бойынша алдын ала белгіленген жерде және уақытта өтетін жария конкурстық сауда-саттық; сауда-саттықтың ағылшындық әдісі - бастапқы баға неғұрлым жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін алдын ала жарияланған қадаммен өсетін сауда-саттық әдісі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|