Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ережені бекіту туралы (2013.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 312 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ереже бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1-2/180 бұйырығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдансын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 86 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы реттеу, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|