Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысына қосымша
1. «Мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 30 қарашадағы № 1636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 36, 468-құжат). 2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат). 3. «Шымбұлақ» биік тау шатқалы спорт кешенінің базасында бірлескен кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қазандағы № 1202 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 31, 411-құжат) 3-тармағы. 4. «Атырауэнерго» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қазандағы № 1295 қаулысының 4-тармағы. 5. «Қазақстан Республикасының темір жол кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 қаулысының 8-тармағы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 ақпандағы № 216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 31, 411-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|