Қазақстан Республикасының темір жол кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Теміржол көлiгi басқармаларын қаржылық-экономикалық сауықтыру және құрылымдық оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Алматы теміржол басқармасы», «Тың теміржол басқармасы», «Батыс Қазақстан теміржол басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындары қосылу жолымен шаруашылық жүргiзу құқығында «Қазақстан темір жолы» (бұдан әрi - Кәсiпорын) республикалық мемлекеттік кәсiпорын болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқығы субъектісiнiң функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі: бiр ай мерзiмде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн; Кәсiпорынның басшысы болып Е.Ж.Қалиев тағайындалсын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп Кәсiпорынды Алматы қаласында орналастыру мәселесiн шешсiн; Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келісімi бойынша қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарды сақтап қалу жөніндегі мәселенi шешсiн. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк қайта ұйымдастырылған кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiне бағалау жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне кредиторлық және дебиторлық берешектерiн қайта құрылымдау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Экономика министрлігімен, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп Көлiк және коммуникациялар министрлігі, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының басшысы 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiнiң перспективалық даму бағдарламасын әзiрлесiн және Үкiметке тапсырсын. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн мерзiмге «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының және оның еншiлес кәсiпорындарының барлық есеп айырысу және басқа да шоттарын «ТұранӘлем Банкi» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамына ауыстыруды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қаржылық-экономикалық сауықтыру және реформалау мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда комиссия құрылсын. 8. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 29, 256-құжат) бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: «Темір жол көлiгi» бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын: «68 «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны»; 69 және 70 реттiк нөмiрлерi алынып тасталсын. 9. «Қазақстан Республикасының темір жолын қайта ұйымдастыру және оны қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1417 қаулысы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын. 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 қаулысына қосымша
Темір жол көлiгiн қаржылық-экономикалық сауықтыру және реформалау жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрi, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Қалиев Е.Ж. - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының басшысы Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрінің орынбасары Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Мұхаметжанов С.Н. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрінің орынбасары Молоканов А.А. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiктiң директоры Ушуров И.А. - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Аппараты Заң бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары |