<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.06.99 Ж. № 906 ҚАУЛЫСЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 906 Қаулысы

(2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi жылжымайтын мүлiктi және онымен мәмiлелердi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi» деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi»;

реттiк нөмiрi 393-407-жолдардағы «Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiк» деген сөздер «Тiркеу қызметi комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 407-1-жолмен толықтырылсын:

«407-1 «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі

Тiркеу қызметi комитетiнiң

Ақмола облысы бойынша

жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы»

республикалық мемлекеттік кәсiпорыны

(шаруашылық жүргiзу құқығындағы)        Көкшетау қаласы»

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 44, 387-құжат):

1-тармақтағы «Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздер «Тiркеу қызметi комитетiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі