|
|
|
«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi жылжымайтын мүлiктi және онымен мәмiлелердi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 44, 387-құжат): 1-тармақтағы «Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздер «Тiркеу қызметi комитетiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |