|
|
|
I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
Осы редакция 2013 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Шучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол) ақылы негізде пайдаланылады; 2) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті-230+250 км; 3) ақылы жолдың басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:
4) ақылы жолдың техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр; алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр; алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған; автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу; 5) ақылы жолдың ұзындығы - 211 км 478 метр; 6) ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы ставкалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады; 7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі:
8) ақылы жолды ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына 1-қосымша
Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін ақы ставкалары
І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км жол учаскесі ____________________________ теңге
тіркелмеген автокөлік құралдары - мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері және ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы ПМ тіркелген көліктерінің бірьңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары; жергілікті көлік - бір аудан шегінде қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіпен тіркелген автокөлік; транзиттік көлік - жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |