|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесі
1. Осы Ереже сот әділдігінің міндеттерін шешу мүддесімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметін жетілдіру үшін жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамды даярлауды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды. Жұмысшыларды даярлау «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес жүргізіледі. 2. Жұмысшыларды даярлау міндеттері тиісті сот-сарапшылық мамандық бойынша сот сарапшыларын арнайы кәсіптік даярлау болып табылады. 3. Тиісті сот-сарапшылық мамандық бойынша жұмысшыларды даярлау тәлімгерлік түрінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |