Қазақстан Республакасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым мен табиғат қорғау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң бекiтуiне Кәсiпорынның жарғысын ұсынсын; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1996 жылғы 25 мамырдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі деген бөлiм мынадай мазмұндағы peттік нөмiрi 91-4-жолмен толықтырылсын: «91-4. «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы»; 2) «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 51-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1113 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
|