|
|
|
Қазақстан Республакасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым мен табиғат қорғау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң бекiтуiне Кәсiпорынның жарғысын ұсынсын; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 51-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1113 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |