Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы (2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келісілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiне жалпы басшылық жасау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктелсiн. 3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын. 4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезіндегі iс-әрекеттер жөніндегі республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 25 маусымдағы № 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Үкіметінiң 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысымен ЕКIТIЛГЕН ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының» деген сөздер тиісінше «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган», «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның», «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен» (бұр.ред.қара)
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiн, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртібін белгiлейдi. 2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi (ТЖМЖ) бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алуға, ал олар пайда болған жағдайда - зардаптарын жоюға (адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнетiн тiкелей қауiп-қатердi жою жөніндегі құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалпына келтiру айтылып отыр. Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен объектiлер мен аумақтарды қалпына келтiру ТЖМЖ-ның құзыретiне кiрмейдi) халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қоршаған табиғи ортаны қорғауға және халық шаруашылығына келтiретiн зиянын азайтуға арналған. Әлеуметтiк-саяси, ұлтаралық қақтығыстар мен жаппай тәртiпсiздiктердiң алдын-алу және олардың зардаптарын жою жүйенiң құзыретiне кiрмейдi. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 3. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi: бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу; халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру; төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртібін айқындау; мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру; авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттік мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру; Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң басқару органдары мен пункттерiнiң, байланыс және хабар беру жүйелерiнiң төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға күштерi мен құралдарының жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз ету, оларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзу; төтенше жағдайлардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау және бағалау; зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету; халықты төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету және даярлау, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң маман кадрларын әзiрлеу және олардың біліктiлiгiн арттыру; төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою iсiнде шет мемлекеттерге көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 4. ТЖМЖ құрамына: аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган; өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары; ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мынадай комиссиялар құрылады: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия; облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялары; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөніндегі салалық комиссиялар); Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия; көлiктегi қауiпсiздiк пен терроризмге қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi; көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялар; республикалық және аумақтық эвакуациялық комиссиялар; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары; Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша құрылатын, ұйымдардың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары; ТЖМЖ аумақтық, функционалдық және салалық (объектiлiк) кіші жүйелердi қамтиды және олардың екi деңгейi бар: жергiлiктi және республикалық (мемлекеттік). Сiлтеме . Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардағы қолда бар, сондай-ақ құрылатын ТЖ алдын алу және жою жөніндегі құрылымдар, күштер мен құралдар. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 6. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi. Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған және әдетте төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияны (облыстың, аудандық, қалалық, поселкалық, объектiлiк) немесе оның функциясын орындайтын басқа органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын (төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқарманы, аудандық бөлiмдi), күнделiктi басқару органын (кезекшi қызметтi) немесе 051 құтқару қызметiн, осы аумақтағы функциялық және ведомстволық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, хабар беру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн, сондай-ақ арнаулы оқу орындарын қамтиды. Аумақтық кiшi жүйелердiң нақты құрылымын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды. Аумақтық кiшi жүйелердiң мiндеттерi, жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және оның тәртібі, мемлекеттік органдардың объектiлiк және жергіліктi төтенше жағдайлар кезіндегі өзара iс-қимыл жасау тәртібі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен келісім бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн ережелермен айқындалады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 7. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң функциялық кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және ұйымдарының: қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн қадағалау және қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу; адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; төтенше резервтiк қорларды пайдалану; төтенше жағдайларды жою жөніндегі тiкелей мiндеттердi шешетiн басқару органдарынан, күштерi мен құралдарынан тұрады. Бұл ретте жекелеген функциялық кiшi жүйелердiң құрамына осындай мiндеттердi немесе бiрiн-бiрi толықтыратын мiндеттердi шешетiн бiрнеше орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың басқару органдары, күштерi мен құралдары кiруi мүмкiн. Функционалдық кiшi жүйелердiң негiзгi мiндеттерi, қызметiн ұйымдастыру және оның тәртібі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерi туралы ережелермен айқындалады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен айқындалады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 8. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң салалық (объектiлiк) кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында, ұйымдарында, құрылады және тiкелей олар басқаратын объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған. Салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердiң нақты құрылымын, олардың мiндеттерiн, қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының тиiстi орталық атқарушы органдары, ұйымдары, айқындайды және олар осы кiшi жүйелер туралы ережелермен бекітіледi. Бұл ретте әрбiр салалық (объектiлiк) кiшi жүйеге, оның буындарына әдетте басшы органдар, күнделiктi басқару органдары (кезекшi-диспетчерлiк қызмет), қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйiн қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды жою жөніндегі күштер мен құралдар кiредi. Осы саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердiң iс-қимылдарын жүзеге асыруды нұсқауларын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шешiмдер қабылдаған кезде саланың басшы органдары ескерiп отыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөніндегі салалық комиссиялар) үйлестiрiп отырады. 9. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесіндегі Республикалық (мемлекеттік) деңгейге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар, орталық кезекшi-диспетчерлiк пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштерi мен құралдары, басқару мен байланыстың жұмылдыру пункттерi жатады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi шеңберiнде олардың iс-қимылын үйлестiрудiң шешiмi нұсқаулық сипатта болатын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 10. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесіндегі жергiлiктi деңгейге жергiлiктi атқарушы органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары (төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер), мекемелердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi нұсқаулық сипатта болатын төтенше жағдайлар жөніндегі тиiстi аумақтық комиссиялар жүзеге асырады. 11. Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі мiндеттердi шешуге қоғамдық ұйымдар (кәсiптiк одақтар, құтқару құрылымдары ассоциациялары, ерiктi қоғамдар және басқа қоғамдық құрылымдар) ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. Олар бұл мiндеттердi өз мүшелерiнiң және халықтың басқа топтарының арасында қажеттi түсiндiру жұмыстарын жүргiзу жолымен, сондай-ақ түрлi зiлзалалардың алдын алуға және олардың келеңсiз зардаптарын азайтуға (мемлекеттік аттестация бекiткен арнайы әзiрлiгi болған жағдайда), авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға және зiлзала болған аудандарда зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөніндегі қажеттi шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік ұзақ мерзiмдi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға тiкелей қатысу жолымен шешедi. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 12. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiне басшылықты: республикалық (мемлекеттік) деңгейде: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiн құру, жұмыс iстеуi және одан әрi дамуы, сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiн жедел басқару); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң функциялық және салалық кiшi жүйелерiне басшылық жасау); жергiлiктi деңгейде: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерiн басқару кезiнде жұмыс аппараты болып табылатын жергiлiктi атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдардағы Азаматтық қорғаныс жөнiндегі бөлiмдер (қызметкерлер), ұйымдар басшылары (ТЖМЖ объектілік кішi жүйелерiнің басшылары). кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары (Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң объектiлiк кiшi жүйелерiн басқару) жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң басшы органдары шешiмдер қабылдаған кезде төтенше жағдайлар жөніндегі тиiстi ведомствоаралық, аумақтық және салалық комиссиялардың ұсыныстарын ескередi. Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi туралы ереженi табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Төтенше жағдайлар жөніндегі салалық және аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ереженi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық және салалық комиссияларды - облыстар, қалалар, аудандар әкiмдерінің орынбасарлары, тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары басқарады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 13. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң күнделiктi басқару органдары Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң кiшi жүйелерi мен буындарының жұмыс iстеуiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң күнделiктi басқару органдарын орналастыру тиiстi байланыс және хабар беру құралдарымен жарақтандырылатын және пайдалануға үнемi әзiр, даярлықта ұсталатын қалалық және қала сыртындағы басқару пункттерiнде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2006.25.12. № 1282 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Байқау және бақылау күштерi мен құралдары: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның кезекшi қызметтерiнен; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кезекшi қызметтерiнен; қауіптiлiгi ықтимал объектiлердiң кезекші диспетчерлiк қызметтерiнен; апаттар медицинасы орталықтарының диспетчерлiк қызметтерiнен; мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiнен; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның органдарынан; радиациялық және ядролық қауiпсiздiкке мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардан; теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан; көлiктiң қауіпсiз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын органдардан; сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардан; Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан; ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан; қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның ішінде гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметтерiнен; қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан; сейсмологиялық байқау және жер сiлкінісiн болжау республикалық жүйесiнің қызметтерiнен; селдердiң, тау көшкiндерінің және қар көшкiндерінің мониторингi қызметтерiнен; орман және дала өрттерінің мониторингi қызметтерiнен тұрады. ТЖ жою күштерi мен құралдары: азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнен; республикалық және аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарынан; мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiнен; суда құтқару қызметiнің құралымдарынан; сүңгуір авариялық-құтқару жасақтарынан; авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралымдарынан, оның ішінде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы және басқа да мамандандырылған қызметтерден; 051 құтқару қызметтерiнен; ормандарды авиациялық күзету және қорғау қызметiн қоса алғанда, ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қызметтерiнен; азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құралымдарынан; сел, су тасқыны және қар көшкіні қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерден; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үнемi әзiрлiкте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнен; бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметiнен тұрады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 (бұр.ред. қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 15-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерінің, суда құтқару қызметінің, 051 құтқару қызметтерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің үнемi әзірлікте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнiң күштерi базасында, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауынан құтқару және басқа мамандандырылған бөлiмшелерiнiң, шұғыл медициналық қызмет құралымдарының, құрылыс және монтаждау ұйымдарының және республиканың түрлi ұйымдары және басқа да осындай кәсiби қызметтерiнiң базасында, олармен келiсе отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң түрлi деңгейлердегi басшы органдары өз мүмкiндiктерiнiң шегiнде елiмiздiң түрлi аймақтарында төтенше жағдайларда жедел тойтару және жою жөніндегі жұмыстар жүргiзу үшiн және шетелдерге көмек көрсету үшiн тарта алатын үнемi әзiрлiкте болатын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерi (күштерi) құрылады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылмайтын, үнемi әзiрлiкте тұратын күштердi Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң басшы органдарының шешiмiмен құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындауға тартуға болады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен (бұр.ред. қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 16-тармақ өзгертілді 16. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң жұмысын ақпараттық жағынан қамтамасыз етудi автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi (ТЖ ААБЖ) жүзеге асырады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты: қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттары, сондай-ақ ұйымдар - дереу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына; ұйымдар - өздерінің өкiлеттігіне сәйкес дереу орталық атқарушы органға; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары - дереу «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесiне бередi. Жаhандық және аймақтық төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары - Қазақстан Республикасының шекаралас әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнiң әкiмдерiне; орталық атқарушы органдар - ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесiне; |