Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері (2012.26.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 846 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара ) 2) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды бұр. ред. қара ) 3) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. Мыналар: 1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін: туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның ішінде туристерді, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ойын-сауық объектілері мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге мақсаттағы объектілерді орналастыру орындарын жоспарлау; туризм индустриясы объектілерін салу үшін қажетті инженерлік коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу; 2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін: туризм және спорт объектілерін ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу; туристік қызметтер мен туристік өнімдердің маркетингі; жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндіру; кәдесый және басқа да туристік өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін. 9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп: 1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 200000000 (екі жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі белгіленген тәртіппен қоғамдардың директорлар кеңесін қалыптастырсын. 11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 235 (бұр.ред.қара); 2008.15.10. № 947 (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 2308 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 846 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағына қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесi
Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті» деген бөлімде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті»; реттік нөмірі 518-жол алынып тасталсын. 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-72, 21-73, 21-74-жолдармен толықтырылсын: «21-72. «Қазақтуринвест» АҚ; 21-73. «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету»АҚ; 21-74. «SPORT&ks» газетінің редакциясы «ЖШС». 4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне 297 «Қазақтуринвест» АҚ; 298 «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне 299 «SPORT&ks газетінің редакциясы» ЖШС». 5. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 26, 327-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Туризм» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда: реттік нөмірлері 13, 15, 16, 26, 27, 36 және 37-жолдардың 3 және 4-бағандарындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ТСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпеде: «ККМ - Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ТСМ - Туризм және спорт министрлігі».
|