Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 967 қаулысының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 967 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 411-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 9-75-жол алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде реттік нөмірі 39-2-жол алынып тасталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|