Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/1097 қаулысымен бекітілді
Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген
1. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Алматы қаласының білім беру ұйымдарымен көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағының 21) тармақшасына сәйкес көрсетіледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі Стандартпен бекітілген белгіленген үлгідегі жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпаратты мекенжайлары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген білім беру ұйымдарынан және Алматы қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан www.dep.edu.almaty.kz алуға болады. 8. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы): 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|