Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 35, 322-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 19, 203-құжат); 3) «Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 222-құжат). 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімді жүргізу ережесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|