Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 16-02/88 «Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7465 тіркелген, 2012 жылдың 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 262-ө бұйрығымен Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|