Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының,сақтандыру холдингтерінің есептілікті ұсыну қағидаларын және есептілік нысандарын бекіту туралы (2014.27.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері есептілігінің мынадай нысандары бекітілсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы мәліметтер; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі қызметінің түрлері туралы мәліметтер; 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|