Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2016.28.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Ә. Смайылов 2013 жылғы 10 қазан
Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта: 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. РЕПО операциясын жасаған кезде (бағалы қағаздарды сатқан кезде) мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: Дт 1030 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|