|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 51-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі»; 71 және 72-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту 72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту»; 79-баптың тақырыбы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 89-1, 105-1, 106-1-баптардың, 11-тараудың 5-1-параграфының, 130-1, 130-2 және 130-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары»; «105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері»; «106-1-бап. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар мен болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім»; «5-1-параграф. Ұзақ мерзімді келісімшарттар 130-1-бап. Жалпы ережелер 130-2-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі 130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі»; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 3-баптың 2-тармағындағы «қарашасынан» деген сөз «желтоқсанынан» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 12-бапта: 1-тармақта: 1-тармақтың 3) тармақшасының үшінші - жиырма бірінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) дивидендтер - бұл: акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс; заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын табыс; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан: тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма; заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны; осы Кодекстің 163 - 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс. Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін табыс мынадай тәртіппен айқындалады: Т = Қа - Қк, мұнда: Т - мүлікті бөлуден түсетін табыс; Қа - мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны; Қк - мүліктің заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны. Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;»; 19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын: алтын монеталар үшін: мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ; алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1 000 үлесіне шаққанда 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді). Осы Кодекстің мақсаттары үшін ұлттық валюта монеталары инвестициялық алтын болып танылмайды. Бұл ретте алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады: 1800 жылға дейін соғылған; «пруф» (proof) сапасында, бетін айнадай жалтыратуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған; шығарылымының таралымы 1 000 данадан аспайды; оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады. Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағасының бағамдалуын) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады; қалған алтын үшін: мұндай алтын құйма және (немесе) пластина түрінде жасалған; мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне шаққанда 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді);»; 1-тармақтың 3) тармақшасының отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын: «21-1) құпиялылық туралы келісім - геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз болған, жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы шарт (келісім). Мұндай шартқа (келісімге), оның ішінде, ақпаратты алу туралы шарт (келісім) жатады;»; 39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «39) сыйақы - мыналарға: кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты; 3) тармақшаның қырық екінші және қырық үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты; кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты; қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер, оның ішінде: мұндай мүлік алынған (берілген) құнды, қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, осындай шартқа байланысты өзара байланысты тарапқа берілетін төлемдер; салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша; сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты; дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша; вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша; репо операциялары бойынша - репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі; исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер. Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы болып танылады.»; 4) 13-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мынадай: салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы; резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама түрлерін алуға;»; 5) 19-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға қуынымдар беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қуынымдар беруге құқылы.»; 6) 20-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мынадай: салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы; резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама түрлерін беруге;»; 7) 37-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Егер таратылатын заңды тұлғада қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге дейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 272-бабына сәйкес қайтаруға жататын есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, көрсетілген асып кеткен сома таратылатын заңды тұлғаға осы Кодекстің 273, 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.»; 1-тармақтың 8) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) 39-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.»; 1-тармақтың 9) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 9) 40-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6-1. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.»; 10) 41-баптың 10-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы, 42-баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ішкі істер органының» деген сөздер және 43-баптың 12-тармағының 2) тармақшасындағы «ішкі істер органдарының» деген сөздер алып тасталып, «құжатын» деген сөз «құжатты» деген сөзбен ауыстырылсын; 11) 46-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген қуынымның ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген қуынымның ескіру мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.»; 1-тармақтың 12) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 12) 47-баптың 1, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) және (немесе) өсiмпұлдарды төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы Кодекстің 51-2-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылған салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі.»; «3. Егер осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салық сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар төлеуден босатпайды. 4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»; 1-тармақтың 13) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.»; 1-тармақтың 14) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 14) мынадай мазмұндағы 51-2-баппен толықтырылсын: «51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі 1. Осы баптың ережелерін қайта құрылымдалатын ұйым сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес осындай ұйым кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асырған салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығына қолданады. Осы баптың мақсаттары үшін, екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қайта құрылымдалатын ұйым деп бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін салық төлеуші түсініледі: 1) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын резидент заңды тұлға болып табылады; 2) осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады; 3) сот осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдаған күні, банктерді қоспағанда, бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін ұйым болып табылады. 2. Осы Кодексте белгіленген салық төлеу мерзімін қайта құрылымдау жоспарында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың анағұрлым кеш, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 142-бабында белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап он жылдан аспайтын мерзімге ауыстыру қайта құрылымдалатын ұйымның корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту деп танылады. Бұл ретте корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жүргізіледі. Қайта құрылымдалатын ұйымның осы баптың ережелерін бір реттен көп қолдануына жол берілмейді. 3. Қайта құрылымдалатын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету мерзімінен кешіктірмей, орналасқан жері бойынша салық органына осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгергені туралы хабарламаны табыс етуге міндетті. Қайта құрылымдалатын ұйым хабарламамен бір мезгілде мынадай құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарының нотариат куәландырған көшірмесін; 2) сот растаған қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін; 3) сот растаған қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы соттың заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесін табыс етеді. 4. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осындай салықты уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар есептелмей, сондай-ақ салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі кепілге алынбай және (немесе) банк кепілдігінсіз жүргізіледі. 5. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеуші осы баптың ережелерін сақтамаған кезде жүргізілмейді.»; 15) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүргізуді жүзеге асырады.»; 16) 63-бапта: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 1-тармақтың 16) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты. Салық есептілігі уәкілетті орган бекіткен пішімді-логикалық бақылау талаптарына сәйкес жасалады. 1-тармақтың 16) тармақшасының бесінші абзацы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 - 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.»; 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;»; 1-тармақтың 17) тармақшасы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 17) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.»; 1-тармақтың 18) тармақшасы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 18) 65-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:»; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисаптарының мынадай нысандарын:»; 1-тармақтың 19) тармақшасы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді 19) 67-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:»; 20) 68-бапта: 2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 1-тармақтың 20) тармақшасының үшінші абзацы 2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді «2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |